- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ күресінен Х Азия чемпионатының барлық алтындарын қазақстандықтар жеңіп алды
Қазақ күресінен Х Азия чемпионатының барлық алтындарын қазақстандықтар жеңіп алды
Қазақша күрестен Х Азия чемпионатына Ауғанстан, Бангладеш, Ливан, Моңғолия, Иордания, Иран, Ирак, Үндістан, Қырғызстан, Қытай, Йемен, Пәкістан, Қазақстан, Сирия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Шри-Ланка және Ресей секілді Азияның 17 елінен 120 спортшы қатысты.
Тартысты өткен айқаста Азия чемпионы атақтарын Қуат Бектаев (55 кг), Ақзал Арыстанбеков (60 кг), Нұржан Жұмажан (70 кг), Бегімхан Әділбеков (80 кг), Тоқтар Жиентаев (90 кг), Айбат Сейтен (+90) иеленді. Ал әйелдер арасында алғашқы Азия чемпионы атағына Зарина Байбатина (+75) ие болды.
Бұдан кейін өткен Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирде абсолютті салмақ санатында «Қазақстан барысы-2013» Айбек Нұғымаров жеңіске жетіп, бас жүлде - автомобильге ие болды, деп хабарлады Семей қаласының әкімдігі.
«Соңғы жылдары біздің ұлттық спорт ойындарымыз күшті дамып келеді, оған Семей қаласында қазақша күрестен Х Азия чемпионатының өтуі дәлел. Бұл чемпионатқа 17 елден өкілдер қатысты. Шығыс Қазақстан облысының тумасы ретінде менің інілерім - палуандар «Қазақстан барысы» атанған Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсыновтың табыстары қуантады. Жыл асқан сайын республикада спорттың осы түрімен айналысатын палуандар қатары өсіп келе жатқанын атап өткім келеді», - деп пікірімен бөлісті Дәулет Тұрлыханов.
Қазақ күресінен Азия чемпионаты спорттың осы түрін халықаралық деңгейде одан әрі насихаттау мақсатында өткізілді.
Семейдегі қазақ күресінен Азия чемпионатын өткізуді ұйымдастырушылар - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Қазақ күресі федерациясы, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы және Семей қаласының әкімдігі болды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды