- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҰЭМ 2015-2019 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды
ҚР ҰЭМ 2015-2019 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды
«Бүкіләлемдік валюта қорының болжамына сай, 2014 жылы әлемдік экономика 3,4 пайызға көтеріледі. Екі жыл құлдыраудан кейін Еуроаймақта алғаш рет 1,1 пайыз өсім байқалып отыр. 2015 жылы әлемдік экономика өсімі 3,9 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Одан кейінгі 2015-2019 жылдары дамыған елдердің дағдарысты жағдайларының ұзақтығы мен елдердің дамуында жинақталған құрылымдық тепе-теңсіздікті жою бойынша олардың қолға алып жатқан шаралардың тиімділігіне байланысты болады», - дейді министр.
Оның айтуынша, экономика мемлекеттік қаражат пен жеке меншік қаражаты есебінен индустриялды және инфрақұрылымдық жобаларға салынып жатқан инвестицияға қарай ыңғайланатын болады. Сонымен қатар, ведомствоның хабарлауынша, ЖІӨ нақты өсімі 5,0-6,8% деңгейінде болады деп күтілуде. Болжам бойынша номиналды ЖІӨ 2015 жылы 45 трлн теңгені құрап, 2019 жылы 72,8 трлн теңгеге дейін артпақ.
«Ішкі сұраныс өсімі болжам бойынша орташа есеппен 6,4 пайыз деңгейінде 2015-2019 жылдары үй шаруасы тұтынуының тұрақты өсімімен анықталатын болады. Осы уақыт аралығында үй шаруасының тұтыну үлесі 2015 ЖІӨ өсімінің 52,6%-ын, 2019 жылы 59,1%-ын құрамақ», - дейді Е.Досаев.
Айта кету керек, биылғы жылдың 7 айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 7,7 пайызға төмендеді. Тауар экспорты 3,6%, импорт 15,3%-ға азайды.
Камила Амирова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері