Осы жылы ҚР-да 102 келіден аса есірткі тәркіленді – КБК

6 Қазан, 2014 19:16
Осы жылы заңсыз айналымнан 102,2 кг аса есірткі құралы, соның ішінде 1,1 кг кокаин, 43,5 кг героин, 4,5 кг гашиш және 51,7 кг марихуанна тәркіленді, деп хабарлады Қаржы министрлігі кедендік бақылау қызметі.

Құқық қорғау қызметін ұйымдастыруда заңсыз есірткі құралы айналымына қарсы күреске баса назар аударылады. Бұл жұмыста маңызды рөл кинологиялық қызметке жүктеледі. Қызметтік іздестіру иттерін пайдалану оларды республикалық базада, сондай-ақ Комитеттің аумақтық тәлімбағында үйрету және өсіру, заңсыз есірткінің ғана емес, қару, жарылғыш заттар мен ақша, сондай-ақ әкелу/әкетуге тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қарсы күресте тиімділігін арттырады.

Осы жылы есірткі құралы мен психотроптық заттардың анықталған заңсыз айналымы фактілерінің жалпы санынан кеден органы кинологиялық қызметінің қызметтік іздестіру иттерін пайдаланғанда 29 факті анықталды, қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен тәркіленген есірткінің салмағы 60,2 кг құрайды.

Алматыда ТМД елдерінің кедендік қызметі кинология құрылымының біріншілігі басталды. Былтырғы жылы қазақстандық кеден кызметінің кинолог-мамандары қызметтік иттерімен Қырғызстан Республикасындағы халықаралық жарыста үздік деп танылып, жеке және жалпы командалық есептер бойынша бірінші орынды иеленді.

Барлық жаңалықтар