ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Францияға кетті

19 Қыркүйек, 2013 09:51
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Франция Республикасына кетті.

Сапар барысында Парижде Қазақстан Үкіметі басшысының Франция Премьер-Министрі Жан-Марк Эйромен кездесуі жоспарланған.

Сондай-ақ, С.Ахметов ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен, ЭЫДҰ Бас хатшысы Анхель Гурриамен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.

Кездесулерде сауда-экономикалық ынтымақтастық, француз жағының Қазақстан экономикасын жаңғыртуға қатысуы бойынша мәселелері кең көлемде талқыланады.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметі басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен кездеседі.

Барлық жаңалықтар