• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат Бюросының отырысында Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі анықталды

Сенат Бюросының отырысында Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі анықталды

6 Қазан, 2014 16:07
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен 2014 жылғы 9 қазанда болатын Палатаның кезекті отырысының күн тәртібіне ұсыныстар енгізілді.

Отырыста «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы», «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны (187-конвенция) ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринарлық-санитарлық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылымда) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылымда) заң жобаларын қарау көзделіп отыр, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Бюрода сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2014 жылға арналған Негізгі шаралар жоспары туралы» 2013 жылғы 23 желтоқсандағы Сенат Бюросының Қаулысына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

 

Барлық жаңалықтар