- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстан мен Ұлыбританияның құқықтық ынтымақтастығы талқыланды
Астанада Қазақстан мен Ұлыбританияның құқықтық ынтымақтастығы талқыланды
6 Қазан, 2014 18:13
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Ұлыбританияның Әкімшілік әділеті және құқықтық саясаты бойынша мемлекеттік министрі Лорд Эдвард Фолкспен кездесуінде екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, оның ішінде келісім базасын және қылмыстық-құқықтық саладағы көмекті ұлғайту және нығайту мәселелері талқылады.
Тараптар өзара ықпалдастықтың қол жеткізілген деңгейіне ризашылықтарын білдірді.
«А.Дауылбаевтың айтуынша, Қазақстанның Бас прокуратурасы Ұлыбританияның құзырлы органдарымен өзара түсіністік қағидасына сәйкес қылмысқа қарсы тұру, халықаралық құқықтық көмек көрсету мәселелерін шешуде белсенді қарым-қатынас орнатқан», - делінген хабарламада.
Ол сонымен қатар қазақстандық прокуратура қызметінің басты бағыттары туралы және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде сөз қозғады.
Тараптар халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қазіргі кездегі геосаяси міндеттер аясында трансұлттық қылмыспен күрес бойынша ынтымақтастықты жандандыру қажеттілігін атап өтті.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды