- Басты
- Жаңалықтар
- Трансформация бағдарламасы инвестициялау тәсілдерін жетілдіруді жорамалдайды – Шөкеев
Трансформация бағдарламасы инвестициялау тәсілдерін жетілдіруді жорамалдайды – Шөкеев
Қор мен халықаралық консультанттар бірлесе отырып әзірлеген құжат «Қазақстан – 2050» Стратегиясында атап көрсетілген әлемнің дамыған озық 30 елінің қатарына енудің нақты құралына айналмақ, деп хабарлады «Самұрық-қазына».
Ө.Шөкеев атап өткендей, трансформация аясында қордың қызметін жаңғырту инвестициялауды, бизнес-үрдістерді шоғырландыруды, портфель құрылымын өзгертуді жетілдіруді жорамалдайды.
Сондай-ақ, трансформация бағдарламасы басты 3 мақсатты жүзеге асыруға бағытталған – активтердің құнын көтеру, корпоративті басқаруда портфельді топтастыру мен жетілдіру.
Әрекеттегі активтердің құнын көтеру мақсатында бизнес-үрдістерге реинжиниринг жасау, стратегиялық және негізгі қызметтің көрсеткіштерін қайта қарауды жүзеге асыру жоспарланған.
Қоржынды оңтайландыру өз кезегінде, қоржынды компанияларда заңдық құрылымды жеңілдетуді, қоржыннан әлеуметтік жобалар мен коммерциялық активтерді шығаруды, инвестициялау тәсілін жетілдіруді жорамалдайды.
Трансформация бағдарламасы аясында Қор жұмысын жаңғырту, инвестиция салу талаптарын жетілдіру, бизнес-процестер мен портфельдің құрылымын оңтайландыру, сонымен қатар Қор жұмысын кең көлемде қайта құрып, қағазбастылықтан арылу қамтылады.
Қор жетекшілері Трансформация бағдарламасын жүзеге асыру жоспары барын ағымдағы жылдың ақпан айының соңында жария етті. 2014 жылдың 23 сәуірінде Мемлекет басшысы құжатты 2014 жылдың қыркүйек айына дейін әзірлеуді тапсырған болатын. 2014 жылдың 5 қыркүйегінде Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар Кеңесі Трансформация бағдарламасын бекітті. Сол кезде көп өтпей, Қордың Трансформация бағдарламасы мен оны жүзеге асыру шараларының Жоспары Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін келелі отырыста талқыланатыны хабарланған болатын.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу