- Басты
- Жаңалықтар
- Отбасын қолдау қызметі Жетімдер үйінің 50 тәрбиеленушісіне отбасын табуға жәрдемдесті (Фоторепортаж)
Отбасын қолдау қызметі Жетімдер үйінің 50 тәрбиеленушісіне отбасын табуға жәрдемдесті (Фоторепортаж)



Балалар үйінің базасында үш жылдан бері «Отбасын қолдау қызметі» жұмыс істейді. Қызмет жұмысы Балалар үйі жұмысының негізгі бағыттарына негізделген: қорғау-сақтау, дамыту, түзету, диагностикалық, жүйелік-ұйымдастырушылық, коммуникативтік және тәрбиелеу. Жыл сайын Қызмет жұмысының жоспары дайындалады.



«Сонымен қатар, алмастырушы отбасылардың мәліметтерінің компьютерленген банкін құру жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда онда Қызметтің араласуымен 13 отбасы тіркелген. Балаларды алмастырушы отбасыларға көшіруге дайындауда Қызмет мамандары арнайы сабақтар ұйымдастырады. Осынау дайындық жұмыстарына тек Қызмет мамандары ғана араласып қоймай, сонымен қатар тәрбиешілер мен педагогтер де ат салысады», - дейді Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» КММ директоры орынбасары Оксана Дзюба.



Айта кету керек, осы уақытта Қызметтен кеңес алу үшін 172 адам келген.



«Көпшілік қызметтерді мамандар телефон арқылы береді. Осы уақытта Қызмет жұмысының нәтижесінде Балалар үйінің 50-ден астам тәрбиеленушісі жаңа отбасын тапты. Сонымен қатар, тағы 80 тәрбиеші асыраушысынан айырылғанына байланысты жәрдемақы алды», - дейді О.Дзюба.




2010-2012 жылдары Балалар үйінің 28 тәрбиеленушісі «Армандастар» ТК-де «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКҚК арқылы жалға берілетін тұрғын үй алды.
Мұнан басқа, Балалар үйі тәрбиеленушілерінің барлығы мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекке тұрып жатыр.



Балалар мен жасөспірімдердің заңды мүдделерін сақтау мен құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі балалар мен жасөспірімдердің демалуын, сауықтырылуы мен жұмыспен қамтуын ұйымдастыру болып табылады. Балалар үйінің 200-ден астам баласы «Боровичок» демалыс аймағында дем алды.



Балаларды демалыс үйіне жеткізу елордалық полиция қызметкерлерінің міндетті қолдауымен ыңғайлы автобустардың көмегімен жүргізіледі. Балалардың демалыстарының ойдағыдай өтуі үшін барлық жағдай жасалынған: 14 тұрғын корпусы, 3 спорттық, 3 балалардың ойын алаңдары, шынығу залы мен хауыз бар.




Лагерьде 200 орындық заманауи музыкалық құрылғы, ойын бөлмелері бар. Сонымен қатар, кітапханалар, оқу бөлмелері, компьютерлермен жарақтандырылған. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында жазғы «Speakingschool» тіл мектебі ұйымдастырылды.






Индира Қауметова
Сурет - Азамат Алиев пен Балалар үйінің мұрағатынан алынды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы