• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Самұрық-Қазына» трансформациясы Қазақстан экономикасына қосымша 2 трлн теңге әкеледі – Ө.Шөкеев

«Самұрық-Қазына» трансформациясы Қазақстан экономикасына қосымша 2 трлн теңге әкеледі – Ө.Шөкеев

6 Қазан, 2014 12:21
«Самұрық-Қазына» Халықтың әл-ауқат қорын трансформациялау шаралары Қазақстан экономикасына қосымша 2 трлн теңге кіргізеді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевке сілтеме жасай отырып.

«Ең алдымен қор жаңа құн қалыптастыруға шоғырлануы тиіс. Бұл реттегі басты мақсаты 2020 жылға қарай экономикалық кірістің оң көрсеткіштеріне шығу болып саналады. Бұл жалпы ішкі өнімге 2 трлн теңге немесе 11 млрд доллар қосымша үлес қосуға мүмкіндік береді», - деді Ө.Шөкеев

Қор басшысының сөзіне қарағанда, Трансформация бағдарламасы аясында Қор жұмысын жаңғырту, инвестиция салу талаптарын жетілдіру, бизнес-процестер мен портфельдің құрылымын оңтайландыру, сонымен қатар Қор жұмысын кең көлемде қайта құрып, қағазбастылықтан арылу қамтылады.

Қор басшысының айтуынша, «Самұрық-Қазына» шамамен 16 трлн теңгелік стратегиялық мәні бар ұлттық компаниялардың ірі иегері болып табылады. Қор елдің ЖІӨ-не тікелей 2,5 трлн теңге кіргізеді. Қазақстандағы инвестицияның төрттен бірі қордың үлескер компаниялары тарапынан тартылады. Сонымен қатар, компаниялар  350 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

 

 

Барлық жаңалықтар