• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында 2-топ мүгедегі БЖК бойынша өз бизнесін сәтті жүзеге асыруда

Ақмола облысында 2-топ мүгедегі БЖК бойынша өз бизнесін сәтті жүзеге асыруда

6 Қазан, 2014 11:29
Ақмола облысының Жарқайың ауданында 2-топ мүгедегі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, өз кәсібін дамытуда, деп хабарлады «Ақмола медиа орталығы».

«Жанғозы Байгенжин, 2-топ мүгедегі жұмыспен қамту орталығының кеңесін алған соң, құжаттарын түгендеп «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ға жіберілді. 2014 жылдың шілдесінде бағдарламаның кәсіпкерлікті және тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу 2 бағыты аясында 1 900 000 теңге несие алды. Алынған қаржыға 100 күркетауық, қаз, үйрек сатып алды», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Жанғозы Жаңғазыұлы шағын несиесін өтегеннен кейін, өндірісті кеңейту үшін тағы қаржы алуды жоспарлауда. Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы 2010 жылдан бастап жұмыс істеуде. «БЖК-2020» 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асыру механизмдерінің бірі. 

Барлық жаңалықтар