- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Латын Америкасы елдері баламалы қуат көздерін қолдану саласында тәжірибе алмасты
Қазақстан мен Латын Америкасы елдері баламалы қуат көздерін қолдану саласында тәжірибе алмасты
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның ұйымдастыруымен өткен басқосуға Латын Америкасы елдерінің, атап айтқанда, Венесуэлла, Гватемала, Куба, Никарагуа, Парагвай, Сальвадор, Уругвай, Эквадор, Боливия, Доминикан Республикасының өкілдері қатысты.
«Астанада «Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі кең ауқымды және барлығын қамтушы жоба ретінде ойластырылуда. Оның тақырыбы жан-жақты терең қызығушылық танытатын, қоғамдастықтардың тіршілігін анықтайтын және адамның күнделікті тұрмыс-ахуалын айқындайтын фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін энергия болып табылады», – деді ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев.
Семинар мақсаты – қатысушыларды ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің өту барысы, қатысу шарттары мен ұсынылатын мүмкіндіктері туралы хабардар ету. Екіжақты әріптестік байланысты орнатуда тиімді іс-әрекеттерді қарастыру. Халықаралық қатысушыларды көрмеге тарту.
Қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қалпына келтірілетін қуат көздерін қолдануды ынталандыру және қонақтарға қуат көзін үнемдеу өндірісінің жоспарын дайындау мен іске асыруға, энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға белсенді қатысу қажеттілігін де атап өтті.
Қазіргі таңда Латын Америкасы елдерінің бірқатары экономикалық жағынан жақсы көрсеткіштерге ие болып отырған елдер қатарына жатады. Бұл мемлекеттердің энергетика саласындағы көптеген нәтижелі жетістіктері бар және зерттеу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Семинар қатысушылары осы жобалары туралы баяндап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция