Қазақтелекомда жазғы көпсайыс бойынша спартакиада өтті

5 Қазан, 2014 15:34
«Қазақтелеком» АҚ-да жазғы көпсайыстан XII спартакиада өтті. Оған компанияның бөлімшелері мен орталық аппаратынан құралған 19 команда қатысты.

Спартакиада Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Сау ұлт – мықты мемлекет» Жолдауын іске асыру мақсатында компанияның 20 жылдығына орайластырылып ұйымдастырылуда, деп хабарлайды акционерлі қоғам.

«Қазақстанның қазіргі таңда қарқынды дамуы мен ұлттық стратегиялық мақсаттарға жетуінде бұқаралық спорттың маңызы зор», - дейді «Қазақтелеком» АҚ спорттық кеңес төрағасы орынбасары А.Абдрахманов.

2 күннің қорындысы бойынша спорттың алты түрінен жарыс өтті: ату, қысқа және ұзақ қашықтыққа жүгіру, граната лақтыру, гимнастика, жүзу. Жалпы командалық есепте Солтүстік Қазақстан өкілдері бірінші болды. Екінші орында шығыс өңірі болса, Павлодарлықтар үшінші орыннан көрінді.

Барлық жаңалықтар