Қазақстанда тіркелген қылмыс деңгейі 5,1%-ға төмендеді – Бас прокуратура

4 Қазан, 2014 14:33
2014 жылдың 9 айында Қазақстандағы тіркелген қылмыстар саны өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5,1%-ға азайды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы.

Қылмыстар атап айтар болсақ аса ауыр түрі бойынша 21,3%, ауыр қылмыстар бойынша 20,9%, орта деңгейдегі қылмыстар бойынша 2,5%, кішігірім қылмыстар 7,7% азайған.

«Қылмыстың алдын алу бойынша мемлекеттік органдар жұмысының үйлестіру шаралары қылмыстың негізгі түрлерін азайтуға мүмкінді берді. Нақтырақ айтсақ олар: ұрлық 2,4%, соның ішінде пәтерге түсу 3,1%, бұзақылық 15,3%, тонау 26,1%-ға  азайды. Осылар республикадағы жалпы қылмыстардың 70 пайызын құрайды», - деп хабарлайды ведомства.

Сонымен қатар кісі өлтіру 19,5%, қарақшылық 39,7%, бопсалау 20,6% төмендеді. Бұл қылмыстар қоғамның негізгі дерттері болып саналатыны анық.

Ведомстваның хабарлауынша, елдің барық өңірінде қылмыс саны азайған.

Барлық жаңалықтар