- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада травматология мен ортопедияға инновациялық технологиялар енгізу жайы талқыланды
Астанада травматология мен ортопедияға инновациялық технологиялар енгізу жайы талқыланды
Съезд жұмысына таяу және алыс шетелдерден 10 мемлекеттен: Белоруссия, Германия, Қырғызстан, БАӘ, РФ, Тәжікстан, Түркия, Өзбекістан, Эстония және т.б. ғалымдар, травматолог-ортопед мамандар қатысты.
«Съезд барысында Қазақстан және оның халқы аз қоныстанған аймақтар, елді мекен және мамандандырылған көмек көрсету орталықтары арасындағы үлкен арақашықтық үшін өте өзекті боп келетін травматология және ортопедияда инновациялық технологияларды енгізу және қолдану, ортопедиялық-травматологиялық көмек ұйымдастыру, жарақаттанушылықтың алдын алу мәселелері бойынша бірнеше пленарлық және секциялық отырыстар өткізіліп жатыр», - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
«Жарақаттар мен сүйек және буын ауруларын диагностикалауда әрқашан басты орын алатын, ал соңғы он жылдықта компьютерлік томография (КТ), магниттік-резонанстық томография (МРТ), ультра дыбыстық зерттеуді (УДЗ) пайдалануына байланысты қосымша дамыған сәулелі диагностиканың мәселелері де қарастырылды», - делінген хабарламада.
Конференцияның күн тәртібіне сондай - ақ, балалар ортопедиясы және травматологиясы, ортопедиялық-травматологиялық практикадағы қателіктері және асқынулардың өзекті мәселелері ұсынылды.
Съезд барысында фармацевтикалық компаниялар қазіргі заманғы медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сондай - ақ, жетекші медициналық өндіруші - фирмаларының дәрілік препараттарын ұсынды.
Съезд халықаралық тәжірибені үйрену, білімдермен алмасу, одан әрі конструктивті және өзара тиімді ынтымақтасу үшін ғылыми және іскерлік байланыстарды құру алаңына айналды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді