- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Құрбан айт қазақстандықтардың рухани өмірінде ерекше мерекеге айналды
Н.Назарбаев: Құрбан айт қазақстандықтардың рухани өмірінде ерекше мерекеге айналды
Құттықтау мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
«Қымбатты отандастар, сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Құрбан айт мерекесі ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік пен өзара көмек сияқты мәңгі адами құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекелерінің бірі. Біздің елімізде Құрбан айт мейрамын тойлау мәдени және рухани құндылықтарды дамытуда, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда елеулі орын алады», - делінген ресми сайтта.
Мемлекет басшысының айтуынша, Құрбан айт халықтың басқа да діни мерекелері сияқты қазақстандықтардың рухани өміріндегі, моральдық-адамгершілік қағидаларын нығайтудағы, қоғамның ауызбіршілігін бекітудегі маңызды оқиғаға айналды.
«Қастерлі Құрбан айт мерекесі игіліктің, мейірімділіктің, кең пейілділіктің, жақындарға жанашырлық пен қамқорлықтың салтанат құруының нышаны. Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барша мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек жүректерді ізгілік пен ризашылыққа толтырады. Баратушымыз тілектерді қабыл етіп, құт-береке сыйласын! Елімізде әрқашан бейбітшілік, бірлік және келісім болсын! Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, сәттілік және амандық тілеймін!», - деді Елбасы.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті