Алматы облысы кәсіпкерлері Қытайлық әріптестерімен кездесті

3 Қазан, 2014 18:43
Сиань қаласында Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы түрлі салалар бойынша Қытай компанияларының үздік жүздігіне кіретін өнеркәсіптік компаниялары өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҰКП.

Кездесуде екі мемлекеттің экономикалық байланысын нығайту, халықаралық ынтымақтастық, АӨК, өңдеуші сала мен азық-түлік өнеркәсібі саласындағы өзекті мәселелер мен «Жаңа жібек жолы» экономикалық белдеуін құру жайы талқыланды.

«Сонымен қатар сұранысқа ең көп ие тауарлар мен азық-түлік өнімдерін тасымалдау мен сатуға арналған Алматы-Сиань жүк тасымалын іске қосу талқыланып, бизнестің дамуына кедергі келтіретін кедергілерді алу мен мәселелерді шешуге арналған аудандық комитеттер әкімшілігі және Қытай қауымдастығы, кәсіпкерлер палатасының бірлескен органын құру жайы қаралды», - делінген хабарламада. 

Биылғы жылдың қазан айы ортасында Қазақстанда Алматы облысы кәсіпкерлерімен ынтымақтастық құру мақсатымен 15 кәсіпкерден тұратын алғашқы халықаралық делегация келеді.

Барлық жаңалықтар