Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытуға 70 млрд теңге бөлінеді

3 Қазан, 2014 18:21
Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытуға 70 млрд теңге бөлінеді, деп мәлімдеді бүгін Сенаттың аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің балық шаруашылығы мен су шаруашылығын дамытуға қатысты көшпелі отырысында комитет хатшысы Ж.Нұрғалиев.

«2020 жылға дейін балық шаруашылығын дамытуға 70 млрд теңге инвестиция салу жоспарланған. Соның ішінде 30 пайызы тауарлы балық шаруашылығын дамытуға бөлінсе, 45 пайыщы өндірістік мақсатта, 10 пайызы балық сақтау шараларын ұйымдастыруға, енді 15 пайызы ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге берілмек», - дейді.

Парламент Сенатының хабарлауынша, бүгінгі  таңда тауарлы балық шаруашылығы салаларының күрделі мәселелерін шешу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР «Тауарлы балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы тұжырымдамасын дайындауда. Заң жобасын қабылдаудағы мақсат тауарлы балық шаруашылығын ынталандыруға қажетті нормативті-құқықтық база құру болып табылады. Соның ішінде тауарлы балық өнімдерін өсіруді ауыл шаруашылығы өнімімен теңестіру мен оларға қатысты арнайы салықтық жүйе қабылдау ұсынылуда.

Барлық жаңалықтар