• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылы «Ақтау» теңіз порты» ЕЭА-да 9 жоба пайдалануға беріледі (БРИФИНГ БЕЙНЕБАЯНЫ)

2015 жылы «Ақтау» теңіз порты» ЕЭА-да 9 жоба пайдалануға беріледі (БРИФИНГ БЕЙНЕБАЯНЫ)

3 Қазан, 2014 16:44
2015 жылы «Ақтау» теңіз порты» ЕЭА-да 9 жоба пайдалануға беріледі, деп мәлімдеді бүгін ҚР инвестиция және даму министрінің орынбасары Ерлан Сағадиев ОКҚ брифингінде.

«Өздеріңіз де білесіздер, әрбір ЕЭА әр уақытта салынды. Ал «Ақтау» теңіз порты» ЕЭА-ның 2009 жылдан бастап инфрақұрылымы салына бастады. Ең алғашқы 200 гектар аймақты біз тек 2012 жылы ғана пайдалануға бере алдық. Осы мақсатта уақытында бюджеттен 7 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі таңда жұмыс істеп жатқан 5 инвесторға 9,5 млрд теңге салық төледік. Енді жыл соңына дейін тағы 5 млрд теңге көлемінде 5 жоба салмақпыз», - дейді.

Оның айтуынша, 2015 жылы 13,4 млрд теңгенің 9 жобасы пайдалануға берілмек.

«Менің ойымша, 2-3 жылда бірінші алаңды инвесторлар толады. Енді алдағы уақытта екінші және үшінші алаңдарды ашу көзделіп отыр. Онда қандай компаниялардың жұмыс істейтініне келер болсақ, негізінен олар мұнай сервисі және олар өнімді бөлу келісімін мақсат етеді. Қазіргі таңда осындай келісім бойынша көптеген импорт жүзеге асырылады», - дейді.

Айта кету керек, 2015 жылы ЕЭА-да ЕЭА инвесторларын басқару мен қызмет көрсетудің әлемдік стандарттары енгізілмек.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар