Қарағанды облысының АӨК дамытуға 8,3 млрд теңге бөлінді

3 Қазан, 2014 15:23
Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту үшін «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» 2014 жылдың басынан бері 8,3 млрд теңге бөлді.

Қарағанды облысы бойынша холдингтің инвестициялық портфелінде жалпы құны 20,6 млрд теңге болатын 24 жоба бар. Соның ішінде бүгінге дейін 16 жоба іске асырылған. Оның жалпы құны 10,1 млрд теңге, деп хабарлайды «ҚазАгро».

Барлық жобалардың іске қосылуымен 1020 шамасында жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. «ҚазАгроФинанс» желісімен облыста 1,6 млрд теңгеге 218 дана түрлі ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға келісім жасалды.

Барлық жаңалықтар