Алматыдағы жәрмеңкеге Жамбыл облысынан 220 тонна өнім әкелінеді

3 Қазан, 2014 19:43
Алматыдағы жәрмеңкеге Жамбыл облысы тауар өндірушілері 220 тонна өнім әкелмекші.

Ертең дәстүрлі күзгі ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде қала тұрғындары ет-сүт өнімдері, көкеніс пен шұжық, ұн мен май секілді 40 түрлі тауарды нарық құнынан 15-20 пайыз арзан бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңкеге Алматы қаласының 30 сауда және азық-түлік кәсіпорындары мен «Алматы» ӘКК қатыспақшы, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Барлық жаңалықтар