2014 жылдың 8 айында БҚО-да тұрғын үй құрылысына 9,2 млрд теңге бөлінді

3 Қазан, 2014 13:19
2014 жылдың 8 айында Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысына 9,2 млрд теңге бөлінді, деп мәлімдеді бүгін өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ОКҚ брифингінде.

«2014 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында тұрғын үй үй құрылысына 9,2 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2,6% артық», - дейді әкім.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда салынған үйлердің де саны едәуір артқан.

«Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 143,9 мың шаршы метр. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1 пайызға артық. Халық қаражаты есебінен 107 мың шаршы метр, республикалық бюджеттен 32,6 мың шаршы метр, кәсіпорындардың өз қаражатымен 4.3 мың шаршы метр үй салынды», - дейді.

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар