- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Үкіметі БҚО-да газ тарифының бағасын бақылайды – Н.Ноғаев
Қазақстан Үкіметі БҚО-да газ тарифының бағасын бақылайды – Н.Ноғаев
«Көгілдір отын бағасы өңірдің өзекті мәселелерінің бірі. Тұрғындар бір текше метр газға 16,61 теңге төлейді. Қымбатшылықтың басты себебі біздегі бұл мәселенің Орынбор газ өңдеу зауытымен байланысты болуы. Ал Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында өңдеуші қуаттары өз аумақтарында», - деп әкім газ бағасының қымбатшылығын түсіндірді.
Оның айтуынша, өңірдегі көгілдір отын қымбатшылығы Қазақстан Үкіметі мен тиісті ведомствада қаралған.
«Мәселені шешу жолдары қарастырылуда. Сонымен қатар біздің тұтынатын газдың тек 46 пайызы ғана өзімізде өндіріледі. Қазіргі таңда біз компаниялармен өңір халқына жеткілікті мөлшерде газ өндіру жұмыстарын пысықтап жатырмыз», - дейді әкім.
«Бұл жүйелі мәселе. Нақты шешімі қашан болатынын мен кесіп айта алмаймын. Қазіргі таңда Үкімет, ҚР Энергетика министрлігі мен әкімдік бұл мәселені бақылауда ұстап отыр», - дейді.
Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, газ тұтыну көрсеткіші маусымына байланысты 800 млн мен 1 млрд текше метр аралығында.
Камила Амирова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді