- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: ЭКСПО-2017 көрмесі құрылысы ел экономикасына тың серпін береді
Н.Назарбаев: ЭКСПО-2017 көрмесі құрылысы ел экономикасына тың серпін береді
Қазақстан Президенті Ұлттық компанияның алдына үлкен міндет қойылғанын, оны бүкіл жұртшылық бақылап отырғанын айтты.
«Дайындық шаралары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс. Көрме кешенін салу арқылы Астананың келбеті де өзгереді, ел экономикасы оң серпін алады. Құрылысқа қажетті материалдар шығарумен айналысатын шағын және орта бизнес субьектілерін жұмыспен қамтыған жөн. Тағы бір маңызды мәселе – көрме нысандарын көрме өткеннен кейін пайдалану, олар көрмеден кейін де пайдаланыста болуы керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы өз кезегінде көрме нысандарының құрылысы құрылыс-монтаж жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес жүріп жатқанын мәлімдеді.
«Жыл аяғына дейін облыс әкімдіктерімен бірқатар меморандум жасау жоспарланып отыр. Онда құрылысқа қажетті материалдар пысықталады. Бүгіннің өзінде құрылыс материалдары жергілікті компаниялардан сатып алынуда», - деді Т.Ермегияев.
Ол сондай-ақ компания қаржыландырудың балама көздерін тарту тетіктерін әзірлегенін айтты. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма басшысының ақпаратына қарағанда, қонақ үйлер, тұрғын үйлер мен өзге де нысандарды қоса қамтығанда, тікелей шетелдік инвестициялардың болжамды көлемі 800 миллион доллар болады.
Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Бекітілген жоспарға сәйкес, ЭКСПО-2017 барлық 38 нысанын пайдалануға беру 2016 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр. Көрменің халықаралық қатысушылары өз экспозицияларын дайындау жұмыстарын 2017 жылдың қаңтарында бастайды.
2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін созылатын ЭКСПО-2017 көрмесіне 100-ден аса ел, оннан кем емес халықаралық ұйымдар, инновациялық технологиялардың 10 шақты көшбасшы-компаниялары қатысады деп жоспарлануда. Көрмені 2 миллионнан астам адамның келіп көруі күтілуде, соның шамамен 85 пайызы қазақстандықтар болмақ.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері