БҚО-дағы жаңа бордақылау алаңдары ет экспортының әлеуетін арттырады

3 Қазан, 2014 12:58
Батыс Қазқастан облысындағы жаңа бордақылау алаңдары өңірдің ет экспортының әлеуетін арттырады, деп мәлімдеді бүгін облыс әкімі Н.Ноғаев ОКҚ брифингінде.

«Импорт пен экспорт – мәселесі бүгінгі таңда өңір үшін өзекті. Облыс етті сырттан сатып алғанымен, соңғы уақыттарда өз өнімімізді сыртқа сату мүмкіндігіне де ие болып отырмыз. Қазіргі таңда экспорт көлемі 1034 тонна, ал жоспарланған меже 2200 тонна ет және ет өнімдері. Сонымен қатар 1600 басқа арналған 3 бордақылау алаңы бар. Олар қазіргі кезде өздерінің пайдаларын беріп үлгерді», - дейді әкім.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Чапаев ауылында қазіргі таңда 8 айлық қозыларды соятын ет комбинаты салынып жатыр. Аталмыш нысан болашақта тәулігіне 1400 бас қозы сойып, 5 мың тонна ет өндіруге мүмкіндік бермек. 

«Жалпы бұл жаман бастама емес. Егер қой басы мол болып, соятын малымыз жеткілікті болса, қасапхана тәулігіне бұдан да көп мал соя алады. Осы орайда қазіргі таңда Қалмақия Республикасымен келісім бар. Олар малшылардың мүмкіндігі мен Атырау, Ақтөбе және БҚО мал басына назар аударуда, сонымен қатар «Агробизнес-2020» бағдарламасының беретін мүмкіндіктері де бұл салаға жаңаша серпін бермек», - дейді әкім.

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар