Қазақстан парламенті делегациясы ЕҚЫҰ ПА отырысына қатысуда

3 Қазан, 2014 11:43
Бүгін Женевада (Швейцария) Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының (ПА ЕҚЫҰ) күзгі отырысы өтіп жатыр, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Қазақстандық парламенттік делегация құрамында Мәжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Светлана Бычкова бар. Бұл басқосуға 50 қатысушы елден 450 делегат қатысуда.

Отырыстың тақырыбы – «Қауіпсіздіктің жаңа үндеуі: парламентшілердің ролі». Қауіпсіздік мәселесін талқылау ЕҚЫҰ-ның үш мөлшері шеңберінде: әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық салалр бойынша жүргізілуде.

Сессия аясында Жерортатеңізі аймағын дамытудың өзекті мәселесіне арналған ЕҚЫҰ ПА Жерортатеңізі форумы өтеді.

Барлық жаңалықтар