- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 аясында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
ЭКСПО-2017 аясында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Құжатқа ҚТА президенті Роза Асанбаева және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның туризм департамент директоры Аниса Бердина қол қойды.
Меморандумға қол қоюдың мақсаты алда келе жатқан Мамандандырылған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде туризмді дамыту саласында екіжақты ынтымақтастыққа көмектесу және нығайтуға арналған қолайлы жағдайларды құру болып табылады.
Қол қойылған мәміленің маңызды шарттарының бірі ЭКСПО-2017 қонақтарының Қазақстандағы күндерін жайлы жағдайда өткізуін ұйымдастыру үшін өзара әрекеттестікті орнату болып табылады.
Қазіргі таңда тараптар арасында туристер ағынын арттыруға, сондай-ақ, ел ішінде және оның сыртында Қазақстанның туризм саласындағы бейнесін насихаттауды күшейтуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
«Арнайы туристік қоржындарды әзірлеу шеңберінде алдағы уақытта өткізілетін көрме – біздің отандастарымыздың ішкі туризмнің артықшылықтары туралы пікірлерін өзгертуге мүмкіндік беретін себептердің бірі. ЭКСПО-ның Қазақстанның туризм саласына ықпал ету барысын дұрыс құру қажет, өйткені біз азаматтарымызға және шетелдік қонақтарға еліміздің туризм саласындағы орасан зор әлеуетін көрсеткіміз келеді», - деді «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ туризм департаментінің директоры Аниса Бердина.
Кездесу барысында тараптар ҚТҚ-ның Ұлттық компанияға көрсетіп отырған консультациялық-ақпараттық қолдауының маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, 5 млн. келушіні көрмеге тарту көзделетіндіктен, ЭКСПО-2017 көрмесінің бейнесін және оның туризм саласындағы әлеуетін көтеруге арналған науқан шеңберінде Қауымдастықтың құрған іскерлік байланыстары үлкен маңызға ие.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары