• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысына 18,2 млрд теңге инвестиция салынды – облыс әкімі

Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысына 18,2 млрд теңге инвестиция салынды – облыс әкімі

3 Қазан, 2014 09:48
Жыл басынан бері Қарағанды облысы тұрғын үй құрылысына 18,2 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 51,5%-ға артық. Бұл туралы облыс мәслихаты сессиясында өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірде бүгінге дейін 223,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 2,2%-ға артық. 1580 отбасына жаңа пәтер берілді. Сонымен қатар қазіргі таңда әлеуметтік саланың 43 нысанының құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, оның 17-сі биыл пайдалануға берілмек.

Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру әлеуметтік саланы дамытуға оң әсер етуде. Соңғы 3 жылда апаттық мектептер үлесі облыс бойынша 1,5-тен 0,5%-ға азайды.

«1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтамасыз ету көлемі 87,3% құрайды. Дегенмен әлі күнге дейін балабақша тапшылығы күн тәртібінен түсер емес. Осыған орай келер жылы біз 3 балабақша құрылысын қолға аламыз. Оның әрқайсысы 320 орындық. Жыл сайын 3 балабақшадан салуды жоспарлап отырмыз. Демек жыл сайын облыс бойынша 1000 орындық балабақшалар ашылады деген сөз», - дейді әкім.

Оның айтуынша, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мен жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Оқу жылының басынан бері дуалды білім беру жүйесін енгізген колледждер саны 17-ден 27-ге артты.

Барлық жаңалықтар