• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Вьетнам көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Қазақстан мен Вьетнам көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

3 Қазан, 2014 09:01
Ханой қаласында Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бекетжан Жұмахановтың ВСР Көлік министрі Динь Ла Тхангпен кездесуі барысында тараптар транзиттік-көліктік, логистикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен келешектерін талқылады. Көліктік салададағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы өзара мүдделілік білдірілді, деп ҚР СІМ хабарлады.

Атап айтқанда, Динь Ла Тханг Қазақстан компанияларымен Вьетнамның көлік инфрақұрылымына инвестиция салу саласындағы ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, Министр мырза Вьетнам тарапының азаматтық авиацияны, темір және автокөліктік жолды дамыту саласында әріптестікке дайындығы жөнінде мәлімдеді.

«Динь Ла Тханг сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туризм салаларындағы екіжақты ықпалдастықты жандандыруға ықпал ететін Алматы мен Хошимин арасындағы тікелей әуе қатынасы ашылуының және қызмет етуінің жетістіктерін өтті», - делінген хабарламада.

Қазақстандық дипломат өз кезегінде екі елдің зор көліктік және транзиттік әлеуеті бар екеніне көрсете отырып, көлік саласында өзара тиімді бірлескен жобалардың іске асыру мүмкіндігін атап өтті.

Барлық жаңалықтар