• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астана Прокуратурасы балабақшаларға 1 млн 759 мың теңге көлемінде айыппұл салды

Астана Прокуратурасы балабақшаларға 1 млн 759 мың теңге көлемінде айыппұл салды

2 Қазан, 2014 18:26
2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы бойынша балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен қамтамасыз ету жұмыстарының заңдылығын тексеру барысында Астанада 67 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылып, 1 759 400 теңге көлемінде айыппұл жазылды. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясында Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі Шолпан Көшенова мәлімдеді.

«Аталмыш тексерістер нәтижесі бойынша прокуратура органдары 55 прокуратуралық әрекет ету актін енгізіп, 67 тұлғаны түрлі жауапкершілікке тартып, 1 759 400 теңге көлемінде айыппұл жазды», - дейді Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі Шолпан Көшенова.

Айта кету керек, заң бұзушылықтар санитарлық нормалар мен ұйымдастыру-оқыту қызметтеріне де кездесті.

«Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде оқыту процесі жеткілікті деңгейде емес. Нәтижесінде, ҚР Конституциясының 30-бабы, 4-тармағы мен Заңның 74-бабы, 3-тармағында көрсетілген жалпыға міндетті мемлекеттік білім беруді кепілдендіру стандарттарына сай сапалы білім алуда бүлдіршіндердің құқықтары бұзылып отыр. Және де аталмыш құқық бұзушылық арқылы ағымдағы оқу жылына сай Типтік оқу жоспарының, алдағы уақыттың жоспарларының жоқтығы, бекітілген оқыту кестесіне тәрбиешілердің циклограммдарының сәйкес келмеуі, ұйымдастыру-оқыту қызметі кестесінің сәйкес болмауы да байқалып отыр. Бұл өз кезегінде тиісті оқыту деңгейінің Мемлекеттік жалпыға ортақ білім беру стандарттарының бұзылуы және әкімшілік құқық бұзушылығы болып табылады», - дейді Ш.Көшенова.

Мемлекеттік жалпыға ортақ білім беру стандарттарының бұзылуы 18 балабақша қызметінен көрініс тапқан. Медицина кабинеттері мен 6 балабақшадағы дәрі қобдишасын тексеру барысында мерзімі өтіп кеткен дәрілерді сақтау деректері кездескен. Ал тағы екі балабақшадан медициналық қызметке лицензияның жоқтығы байқалды.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар