- Басты
- Жаңалықтар
- Елордалық мектепке дейінгі мекемелер заң талаптарын орындау тұрғысынан тексерілді – Астаналық прокуратура
Елордалық мектепке дейінгі мекемелер заң талаптарын орындау тұрғысынан тексерілді – Астаналық прокуратура
«Елордалық прокуратура органдары 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы аясында заңнаманың сақталуы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеріс 2013-2014 жылдары бойынша жүргізілді», - деді Шолпан Кошенова.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Астана қаласында тұрып жатқан балалар саны 2013 жылы 2012 жылмен салыстарғанда 32 915 адамға немесе 36,5 пайызға көбейді. Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 173 мекеме бар, олар: 75 мемлекеттік балабақша, 5 мемлекеттік кешен, 66 мемлекеттік емес пішіндегі балабақша, 2 ведомстволық балабақша, 25 шағын орталық.
Айта кетерлігі, 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы ҚР Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық серпін – Қазақстанның жаңа мүмкіндігі» Жолдауы аясында дайындалыд. Ол Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мен ҚР Президентінің 2010 жылдың 1 ақпанындағы Жарлығына сәйкес жүзеге асырылды.
«Аталмыш бағдарлама республикалық және жергілікті қаржыға мектепке дейінгі мекемелер салу есебінен жүзеге асуда», - деді Ш.Көшенова.
Сондай-ақ, аталмыш бағдарлама педагогикалық кадрларды мектепке дейінгі мекемелерге білім беру үшін қайта дайындықтан өткізуді қарастырады.
Индира Қауметова
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз