- Басты
- Жаңалықтар
- БҒМ Назарбаев Университеті мен зияткерлік мектептерінің қызметтерін реттейтін жобаны ұсынды
БҒМ Назарбаев Университеті мен зияткерлік мектептерінің қызметтерін реттейтін жобаны ұсынды
«Заң жобасының мақсаты академиялық басқаруды жетілдіру мен автономды білім беру ұйымдары жұмысының сапасын қамтамасыз ету, Назарбаев Университетінің инновациялық кластері қызметін ұйымдастыру болып табылады. Заң жобасының дайындалуына автономды білім беру ұйымдары қызметінің стратегиялық мақсаттарына жетуге кедергі келтіретін бірқатар мәселелерді дайындаудың қажеттілігі түрткі болды», - деді вице-министр.
Министр орынбасарының айтуынша, бүгінгі таңда ең күрделі мәселелердің бірі ретінде салық мәселесі мен зияткерлік-инновациялық кластерді дамыту үшін автономды білім беру ұйымдарының жер телімін сатып алуға айтарлықтай көлемде мемлекеттік бюджет қаражатын аударуға мәжбүр қылатын жер туралы заңнаманың талаптарын орындау, оқыту процесін стипендиялық және гранттық қамтамасыз ету мәселелерін реттеудегі кемшіліктерді және мақсатты салымдарды қайта бөлуге мүмкіндіктің жоқтығын айтуға болады.
«Кластерлер маңыздылығын ескере отырып оларды құру жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін нормаларды заңнамалық бекіту қарастырылып отыр. Атап айтар болсақ, университеттің инновациялық кластері ұғымын заңнамалық тұрғыда анықтау, кластердің негізгі элементтері тізімін бекіту, оларға қатысушыларды классификациялау қарастырылады. Назарбаев Униерситетінің мәртебесі туралы ҚР Заңына сәйкестендіріп ҚР «Білім беру туралы» Заңына түзетулер енгізу керек», - дейді ол.
Сонымен қатар, түзетулерге сай, білім беру қызметтерінің түрлеріне университет бөлімдерін дайындауға қатысты мәселелерді реттеу ұсынылып отыр. Одан кейін ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына ЭКСПО нысандарын беру мәселесін реттеуге бағытталған өзгерістер енгізілу қажет. ЭКСПО инфрақұрылымдарын пайдалану туралы мәселелерді шешу үшін көрме аяқталғаннан кейін бірқатар нысандарды беру ұсынылып отыр», - дейді Т.Балықбаев.
Заң жобасы ҚР «Салық пен өзге де міндетті төлемдер туралы» Кодексіне, «Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев қоры туралы» Заңына, «Білім беру туралы» Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына өзгерістер енгізуді қажет етеді.
Камила Амирова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері