- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Тоғжанов - Көкірегі қазынаға толы қарияларымызға құрмет көрсету қазақстандық толеранттылықтың ажырамас бөлігі
Е. Тоғжанов - Көкірегі қазынаға толы қарияларымызға құрмет көрсету қазақстандық толеранттылықтың ажырамас бөлігі
Аз қамтылған, зейнеткер, кемтар қарттар үшін әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға өңірлік ассамблеялар мен этномәдени бірлестіктер белсенді қатысты.
Қарттар күні аясында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, аға ұрпаққа құрмет көрсетілді, сыйлықтар тартылып, азық-түлік қоржындары мен санаторийлерге жолдамалар таратылды, кинотеатрларда кинофильмдерді тегін көрсету өтті, мұқтаж жандарға біржолғы ақшалай көмек көрсетілді, ҚХА жастар ұйымдарының өкілдері жалғызбасты қарттарға үй шаруашылығында жәрдем көрсетті.
«Достық дастарханы» қайырымдылық музыкалық кеші аясында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары кең көлемді театрландырылған қойылымдар өткізді.
2014 жылғы 30 қыркүйек күні Астана қаласында өткен АӨСШК елдері халықтарының ұлттық-мәдени орталықтары форумы аясында ҚХА құрылуының басында тұрған ардагерлерге құрмет көрсетіліп естелік сыйлықтар тапсырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов құттықтау сөзінде - көкірегі қазына қарияларымызға құрмет көрсету қазақстандық толеранттылықтың ажырағысыз бөлігіне айналды деп атап өтті.
Жалпы алғанда, республика бойынша Ассамблея аясында 300-ден аса іс-шара өткізіліп, оған 80 000 мыңға жуық қарияларымыз қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда