ПАА бас хатшысы Қазақстан Сенаты сайлауының ашық өткендігін атап өтті

2 Қазан, 2014 17:36
ҚР Парламенті Сенаты сайлауының барысы мен қорытындысын Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов пен ТМД Парламентаралық ассамблеяның бас хатшысы Алексей Сергеев талқылады.

«Қ.Жақыпов Парламентаралық ассамблеяны бақылаушылар миссиясын ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты», - деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

А.Сергеев атап өткендей, осы жылы Қазақстанда ТМД ПАА бақылаушылар миссиясы осы бағытта жұмыс істеп жүргендеріне 20 жыл толды, сондай-ақ, ол сайлаудың ашық түрде өткенін атап өтті.

«ТМД ПАА бас хатшысы Қабиболла Жақыповқа ТМД ПАА төрағасы мен Ресейдің Федералдық Жиыны Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенконың ТМД ПАА шараларына қатысу үшін жолдаған шақыруын тапсырды, шара Санкт-Петербург қаласында 27-28 қараша күндері өтеді», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар