- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында тауарларды кедендік рәсімдеу уақыты қысқартылды
Маңғыстау облысында тауарларды кедендік рәсімдеу уақыты қысқартылды
«Тауарларды кедендік рәсімдеу уақытын қысқартуға Маңғыстау облыстық Кедендік бақылау департаменті ерекше көңіл аударды. Егер биылғы жылдың қаңтар айында ішкі тұтынуға арнап шығарылған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жүргізу уақыты 16 сағат 38 минутты құраса, тамыз айында бұл көрсеткіш 3 сағат 21 минут болып қысқартылды. Ал экспортқа шығарылатын тауарларды рәсімдеу уақыты бір сағаттан аспайды», - делінген хабарламада.
Департаменттің хабарлауынша, Мемлекет басшысы кедендік процедуралар мерзімін дереу қысқарту туралы тапсырма берген. Енді 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап кедендік бақылау кедендік рәсімдеуден тауарлы шығарудан кейінгі кезеңге алмастырылады. Биылғы жылдың соңына дейін отандық экспорттаушыларды қолдау мақсатында жүк тасымалы құнын азайту шараларын дайындап, кедендік рәсімдеу мен оны сақтауды бақылауға көңіл аудару керек.
Маңғыстау облыстық Кедендік бақылау департаменті басшысы Сырым Дынбаевтың хабарлауынша, шара тауарды шығарғаннан кейінгі кезеңде кедендік бақылауға алмастыру мен заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып кедендік бақылау тиімділігін арттырып, барынша тез, ашық және қарапайым қылатын кедендік операциялар мен кедендік процедураларды ары қарай жетілдіруге бағытталған.
Оның айтуынша, қазіргі таңда халықаралық сертификаттарды мойындауға ыңғайланған техникалық реттеудің бірыңғай ережелері мен қағидалары туралы Кедендік одақ келісіміне өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, бақылау мен рәсімдеу уақыттарын қысқарту жағдайында, сонымен қатар белгілі бір деңгейде іріктеп тексеруде кедендік қызметтің құқық қорғау құрамының рөлі арта түсті.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Тауарларды мемлекеттік стандарттау жүйесі: өнімдерге сертификат алу тәртібі, «халал» белгісін алу -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты