ҚТЖ мен Халық банкі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2 Қазан, 2014 16:25
Бүгін «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ және «Қазақстанның халық банкі» АҚ әріптестік меморандумына қол қойды.

«Бұл еліміздегі қаржы және темір жол саласындағы екі ірі мекеменің өзара тиімді және ұзақ мерзімдік әріптестікке бағытталған тағы бір қадамы болып табылады», - деп хабарлады ҚТЖ. 

«Қол қойылған құжатта  темір жол саласының клиенттеріне  тасымалдау  процесіне  төлемақы төлеу жолдарын жеңілдету  қарастырылған, атап айтқанда Халық банкінің өзіне-өзі қызмет ету терминалдарынан кез-келген еді мекенде тұрып-ақ 24*7 тәртібінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның epay.railways.kz сайтындағы «клиенттің жүк тасымалдарына есептесу бойынша жеке кабинеті» арқылы ақша қаражатын аудару мүмкіндігі қарастырылған», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа  «Қазақстан темір жолы»  ұлттық компаниясы «Қазақстанның халық банкі» акционерлік қоғамымен бірлесіп теміржолшыларды қолдауға бағытталған өзара тиімді әлеуметтік жобаларды жүзеге асырмақ. Бүгінгі күні жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.

 

 

 

Барлық жаңалықтар