- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Байбек: 2015-2025 жылдары тұрмыстық жемқорлыққа қарсы күреске басымдылық беріледі
Б.Байбек: 2015-2025 жылдары тұрмыстық жемқорлыққа қарсы күреске басымдылық беріледі
«Бағдарламада негізінен азаматтардың күнделікті бетпе-бет келетін мәселелерін шешуге бағытталған. Біздің ойымызша, мемлекеттің ашықтығы, азаматтардың заңды сақтауы өзара сенімнің арқасында ғана орнамақ. Мемлекеттік меншікті басқару мен иелік ету процестеріндегі мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік секторлар жұмысының ашықтығын қамтамсыз ету мақсатында қоғамдық тәртіп, ақпараттың қолжетімділігі туралы мемлекеттік сатып алу туралы және жемқорлыққа қарсы күрес туралы жаңа заңдар қабылдау мен бірқатар нормативті актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған», - дейді ол.
Сонымен қатар, Бауыржан Байбек Мәжілістің ЕАЭО туралы заңды мақұлдауына байланысты жемқорлыққа қарсы күрес жаңаша сипат алмақ.
«Өздеріңіз де білесіздер, кеше Мәжіліс 170 млн тұрғын мен 2,2 трлн долларлық экономиканы қамтитын бірыңғай нарықты құру туралы келісімді мақұлдады. Қазақстанның басты мәселесі – нарықтың тарлығы, теңіз жолының жоқтығы. Осының барлығы Мемлекет басшысының интеграциялық саясатының арқасында шешімін тауып келеді. Аталмыш одақ арқылы біз теңізге шыға аламыз. Осы тұрғыда әкімшілік кедергілерді алып тастау, бизнеске қолайлы орта қалыптастыруда жемқорлыққа қарсы күрестің жаңаша сипатқа ие болары анық», - дейді ол.
Оның айтуынша, мемлекеттің жемқорлыққа қарсы күрес саясатындағы басты ұстанымдарының бірі бастауыш кәсіпкерлерді әкімшілік кедергілерден қорғау.
«Азаматтар неге кәсіпкерлікпен айналыспайды? Өйкені олар жұмыстарына кіріспей жатып небір қағазбастылық пен кедергілерге тап болады. Осыны енді барынша азайту керек. Егер мемлекет қажетті жағдайды жасап берсе, сонда азаматтар да заңға деген құрметтері арта түседі. Сонда ғана көлеңкелі экономиканың көлемі азаймақ», - дейді.
Индира Қауметова
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
COVID-19: Коронавирусқа қарсы иммунитет өмір бойына сақталуы мүмкін бе -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Миллионға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды