- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта БҰҰ-мен Астанада жаһандық форумды өткізу туралы келісім ратификацияланды
Сенатта БҰҰ-мен Астанада жаһандық форумды өткізу туралы келісім ратификацияланды
Келісімге 2014 жылғы 4 тамызда қол қойылды. Келісімнің негізгі мақсаты 2014 жылғы 6-8 қазанда Астанада «Біріккен Ұлттар Ұйымының «электрондық үкіметінің» 2014 жаһандық форумын» өткізу болып табылады.
«Осы форум ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Форумды өткізудің қорытындылары бойынша Қазақстанның «электрондық үкіметті» дамыту бойынша тәжірибесін дамыған елдер арасында да, дамушы елдер арасында да кеңінен тарату жоспарланып отыр», - деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы 500 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражат енгізетін болады. БҰҰ тарапынан мынадай іс-шаралар қамтамасыз етілетін болады: Жобаның үйлестірушісін жалдау, «Smart Government-ке» белгілі бір назар аудара отырып, «электрондық үкімет» саласындағы сарапшыларды айқындау, форумды өткізу, форум бойынша жарияланымдарды дайындау. Келісім аясында артықшылықтар мен иммунитеттер, оның ішінде БҰҰ өкілдеріне – Форумға қатысушыларға еркін келу және кету құқығын беру көзделеді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
Қоршаған ортаны қорғаудың жаһандық проблемасы -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары