• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШЫҰ бақылаушылары ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын жоғары бағалады

ШЫҰ бақылаушылары ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын жоғары бағалады

2 Қазан, 2014 13:16
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы бақылаушыларының миссиясы ҚР Парламенті Сенаты депутаттары сайлауының дайындығы мен оның жүргізілуін жоғары бағалап отыр, деп мәлімдеді миссия төрағасы, ШЫҰ бас хатшысының орынбасары Махмадшариф Хакдодов.

«Миссияның ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау компаниясы барысында жүргізілген ҚР ОСК ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарына көңілдері толды. Миссия мәліметінше, ОСК сайлау компаниясы барысында объективті мониторингке барлық жағдай жасалды», - дейді.

Миссия құрамына Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің тоғыз бақылаушысы енген.

Осылайша Миссия ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына сайлау ҚР заңнамасы мен қазақстандық және халықаралық міндеттемелер шеңберінде жүргізілгенін жеткізеді. Бұл өз кезегінде науқанның әділ және ашық өтуін қамтамасыз етті.

«ШЫҰ бақылаушылары миссиясы өздерінің міндеттеріне сай, мемлекеттің ішкі ісіне араласпау қағидасын сақтай отырып өз қызметтерін жоғары деңгейде атқарды», - дейді ол.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар