• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырауда Әділет органдарының қызметкерлері Күніне орай «Әділет департаменті консультация жасайды» акциясы ұйымдастырылды

Атырауда Әділет органдарының қызметкерлері Күніне орай «Әділет департаменті консультация жасайды» акциясы ұйымдастырылды

18 Қыркүйек, 2013 14:23
17 қыркүйек күні Әділет органдарының қызметкерлері Күніне орайластырып «Әділет департаменті консультация жасайды» акциясы өтті, деп Атырау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«17 қыркүйек күні Әділет департаменті қызметкерлерінің күніне орай «Нұр Отан» ХДП филиалында «Әділет департаменті консультация жасайды» акциясы аясында тұрғындар қабылдауы өтті, деп Әділет департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында нақтыналған.  

Ақпаратта көрсетілгендей, акцияның басты мақсаты тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеру  және халыққа заң тұрғысынан көмек көрсету.

Жұмыс тобына Департамент қызметкерлері мен қалалық басқарма мамандары, қорғаушы, БАҚ өкілдері қатысты.

Қойылған сұрақтардың басым бөлігі мүлікті тіркеу, азаматтық тіркеу жағдайын турасында болды. Сұрақтардың басым бөлігі,нотариус пен қорғаушыларға қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар