• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Әбдіқалықова Қостанай облысының басшылығы және жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізеді

Г.Әбдіқалықова Қостанай облысының басшылығы және жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізеді

2 Қазан, 2014 12:01
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қостанай облысына жұмыс сапарымен барады.

Жұмыс сапары барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек мәселелерін талқылау мақсатымен облыс басшылығы және халқымен кездесу, білім беру ұйымдары мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралау жоспарланған.

Жұмыспен қамту және халықтың еңбек өнімділігін арттыруға ерекше көңіл аударылмақ.

Сонымен қатар, облыс аудандары мен қалаларының әкімдерімен, әлеуметтік сала, еңбек және мәдениет инспекциясы қызметкерлерімен кездесу жоспарланған. Онда Мәдени саясат тұжырымдамасының негіздері талқыланбақ.

Одан кейін ҰОС ардагерлері және зейнеткерлермен кездесу барысында Мемлекет басшысының сыртқы экономикалық факторларға қарамастан жалақы, жәрдемақы мен зейнетақы секілді барлық әлеуметтік төлемдерді арттыру туралы Үкіметке берген тапсырмасына сай 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік жәрдемақыны көбейту, 2017 жылдан бастап зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланбақ.

Айта кету керек, денсаулық сақтау саласында алдағы уақытта елдегі алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мәселесі басты назарға алынбақ. Қазіргі таңда міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу тетіктерін дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар