- Басты
- Жаңалықтар
- ҰКП «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасын мақұлдады
ҰКП «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасын мақұлдады
ҰКП «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасын мақұлдады. Партия тек бағдарламаны ғана емес, сонымен бірге оны жүзеге асырудың жыл сайынғы шаралар жоспарын және «Жол картасын» жүзеге асыруды көздер отыр екен.
««Нұр Отан» партиясы мен ҰКП тапсырмаларды сенімділікпен орындауды көздеп отыр, себебі елдің тұрақты дамуын тек сенімділіктің арқасында жүзеге асыруға болады. «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасы тұрғындар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік салаларда жемқорлықтың алдын алу, бизнесті ашуда әкімшілік кедергілерді жою, орталық пен жергілікті жерлерде қоғамдық мониторингті күшейтуге бағытталған. Жұмыстың тиімді жасалғанының басты көрсеткіші 2025 жылға қарсы бәсекелестіктің жаһандық индексі елдерінің отыздығына ену болып табылады. Ол «заңсыз төлемдер мен пара алу деңгейі» және «бизнесті енгізу жеңілдігі» көрсеткіші бойынша жүзеге асырылуы тиіс», - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов «Нұр Отаның» жемқорлыққа қарсы ісіне толық қолдау көрсетті.
«Мемлекет басшысы атап өткендей, біз жемқорлықты барлық ел болып жеңе аламыз, әрбір жерде жемқорлыққа деген шыдамсыздық қалыптасуы керек. Біз байқап отырғанымыздай, қоғамдық күштің араласуы бірлескен жұмысқа нәтиже бермек», - деді Абылай Мырзахметов.
Сондай-ақ, қатысушылар бағдарламаға заңды тұлғалар бизнесті енгізуге кедергі жасаған жағдайға, заңсыз әрекеттерге барған жағдайға назар аударуды енгізу қажеттігін талқылады.
Өз кезегінде Ұлттық палата «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы бағдарламасының жыл сайынғы дайындалатын есебін жасауға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Индира Қауметова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы