• Басты
  • Жаңалықтар
  • Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты сайлауының қорытындысын шығарды

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты сайлауының қорытындысын шығарды

2 Қазан, 2014 11:02
Бүгін, 2014 жылдың 2 қазаны ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында 1 қазанда өткен ҚР Парламенті Сенаты депутаттары сайлауының қорытындысы шығарылды.

Еліміздің Конституциясына және Сайлау туралы заңына сәйкес Парламенттің жоғарғы палатасына 16 депутат, яғни әрбір облыс, Астана және Алматы қалаларынан бір депутаттан сайланды.

Комиссия кеңесінен кейінгі конференцияда  Орталық сайлау комиссиясының төрағасы атап өткендей, ҚР Үкіметі және жергілікті атқарушы органдары  Мемлекет басшысының  сайлауды қаржылық және материалдық-техникалық қамту  тапсырмасын  уақытында орындады.

Электоральді кампания барысында 88 үміткер ұсынылды. Бюллетень арқылы құпия дауыс беруде 39 адамның тегі енгізілді. Сайлаушылардың қатысуы республика бойынша 98,7 пайызды құрады. Маңғыстау облысы  мен Астана қаласында сайлауға қатысу 99 пайызды құрады.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов ҚР Парламенті Сенаты сайлауының қорытындысын баяндады.

Сонымен, сайлау қорытындысы бойынша Ақмола облысынан - Рашит Әкімов. Ақтөбе облысынан – Марат Тағымов, Алматы облысынан – Аңсар Мұсаханов, Атырау облысынан – Сәрсенбай Еңсегенов, Батыс Қазақстан облысынан – Ерболат Мұқаев, Жамбыл облысынан – Мұратбай Жолдасбаев, Қарағанды облысынан – Сергей Ершов, Қостанай облысынан – Серік Бектұрғанов, Қызылорда облысынан – Бекмырза Еламанов, Маңғыстау облысынан – Михаил Бортник, Оңтүстік Қазақстан облысынан – Әли Бектаев, Павлодар облысынан – Манап Көбенов, Солтүстік Қазақстан облысынан – Ольга Перепечина, Шығыс Қазақстан облысынан – Сергей Плотников, Астана қаласынан – Серік Жақсыбеков, Алматы қаласынан – Төлеубек Мұқашев Сенат депутаты болып сайланды.

Камила Амирова 

Барлық жаңалықтар