- Басты
- Жаңалықтар
- Ресейде қазақстандық модульдер негізінде жасалған күн электр стансасы іске қосылды
Ресейде қазақстандық модульдер негізінде жасалған күн электр стансасы іске қосылды
«Бұл біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы жаңартылатын энергетика саласында Қазақстан-Ресей бизнесін интеграциялауға жасалған алғашқы қадам. Қазақстанда жасалған фотоэлектрлі модульдер Ресей Федерациясында жаңартылатын энергетиканы дамыту бағдарламасы бойынша күн электр стансаларын салу кезінде кеңінен қолданынылады деген сенімдеміз. Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде шығарылған фотоэлектрлі модульдерді оқшаулау бойынша белгіленген талаптар бөлігіндегі техникалық кедергілерді жою мақсатында «Энергия солнце» МК-мен бірлесе отырып, Қазақстан мен Ресей заңнамалалық базаларын бірыңғайлау жұмыстарын қолға алдық», - деп мәлімдеді «Astana Solar» ЖШС бас директоры Вячеслав Советский.
Қуаты 250 кВт-қа тең «Наримановская» күн электр стансасы (КЭС) 2014 жылғы 29 қыркүйекте жұмыс бастады. КЭС 13 мыңдай тұрғыны бар Нариманов қаласын ыстық сумен қамтамасыз етіп отырған күн жылу стансасы қазандығының насостарына қуат береді. Станса 5000 шаршы метр аумаққа орналасқан. КЭС-нің қуат өндіруші жүйесі қуат шегі 240 Вт-қа дейін жететін 1060 күн модульдерінен құраастырылған. Бұл модульдер «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ-ның (Қазақстан Республикасы) еншілес кәсіпорны «Astana Solar» ЖШС-де шығарылған.
Аталмыш нысанды өңірдің таза энергетикалық секторын құрайтын Астрахань облысындағы күн стансаларының желісін құру жобасы шеңберінде Bright Capital басқарушы компаниясының қолдауымен «Энергия солнца» МК салып, іске қосты.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда