- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 7 ай ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 33,6% төмендеді -ДСӘДМ
Қазақстанда 7 ай ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 33,6% төмендеді -ДСӘДМ
Бұл мәліметтер ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбекованың төрағалығымен селекторлық режімде ана мен бала өлімін, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту үшін жедел шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабтың кезекті отырысында мәлім болды.
С.З.Қайырбекова жергілікті жерлердегі мамандарды (алғашқы көмек буын дәрігерлері, мейіргерлер, әлеуметтік қызметкерлер) сапалы оқыту қажеттігіне назар аударып, мамандардың біліктілігін арттыруға бөлінетін қаражат емдеу мекелерінің өздеріне берілгенін, тиісінше қай маманды және қай жерде оқыту қажеттігі туралы шешімді әр ұйым өзі қабылдайтытын атап көрсетті.
Сонымен қатар, Біріккен ұлттар ұйымының Ведомствоаралық сарапшылар тобы 2013 жылдың майсым айында елімізге келіп, балалар мен нәрестелер өлімін жітімін тіркеу шаралары Қазақстанда дұрыс жүргізілетінін, бұл саладағы мәліметтер шынайы екенін растағаны алға тартылды.
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісінде нәрестелер өлімі бойынша Қазақстан 2013 жылмен салыстырғанда 17 орынға көтерілді. Бұл - еліміздегі сан мыңдаған дәрігерлердің күн сайынғы ерен еңбегінің нәтижесі.
«Сондай-ақ, Қазақстанның ұсынысы бойынша ағымдағы жылдың қазан айында халықаралық сарапшылар елімізге келіп, ана өлім-жітімі оқиғаларын тіркеу барысының шынайылығын бағалайтын болады», - деп хабарлады десаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Салидат Қайрбекова атқарылып жатқан барлық іс-шаралар Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісіндегі Қазақстанның ұстанымын елеулі түрде арттыратынына сенім білдірді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды