- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы машина жасау өнімінің көлемі 1 трлн теңгеге жетеді – Пшембаев
2014 жылы машина жасау өнімінің көлемі 1 трлн теңгеге жетеді – Пшембаев
«2013 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласының өнімі 853 млрд теңгеге жетті, биыл аталмыш көрсеткіш 1 трлн теңгеге жетуі мүмкін», - дейді М.Пшембаев.
Оның айтуынша, машина жасау саласының мақсатты индикаторы 2015 жылға қарай ҮИИД МБ бойынша 588 млрд теңге көлемінде анықталмақ.
«Елдегі машина жасау саласы өнеркәсіптеріне 5 жыл толды. 2010-2014 жылдар аралығындағы ҮИИД МБ бойынша іске асыру көлемі белгілі бір жетістіктерге жеткізді. 2010 жылдан бері машина жасау саласының өнімдері тұрақты артып, тек саны ғана емес, сапа жағынан да алға ілгерілеушілік байқалады. 2009 жылы саладағы өнім көлемі 280 млрд теңге болса, ал 2015 жылғы мақсатты индикатор 588 млрд теңге көлемінде», - дейді ол.
Айта кету керек, соңғы уақыттары машина құрылысы саласы Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне айналып отыр. 2013 жылы Индустрияландыру картасы аясында машина құрылысы өнеркәсіптері 119,5 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 38 есеге артық. Олардың шығарған өнімдері 2014 жылдың қаңтар-мамыр аралығында 12 пайызға дейін артты.
Индира Қауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі