- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев «Менің елім. Каспийден Алтайға дейін» экспедициясы қатысушыларына сәттілік тіледі
Н.Назарбаев «Менің елім. Каспийден Алтайға дейін» экспедициясы қатысушыларына сәттілік тіледі
«Нұрсұлтан Назарбаев патриотизмді нығайтуда және елдің туристік әлеуетін дамытуда осындай бастамалардың маңызды екендігін атай отырып, экспедицияға қатысушыларға сәттілік тіледі», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуге сондай-ақ өңір жастарының өкілдері, соның ішінде Маңғыстау облысынан шыққан «Болашақ» стипендиясының түлектері, Назарбаев Университетінің тыңдаушылары, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар, жастар бірлестіктерінің көшбасшылары, этно-мәдени орталықтардың өкілдері, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары, мәдениет пен ғылымдағы жас қызметкерлер қатысты.
Әңгіме барысында олар өздерінің жетістіктерін ортаға салды және жастардың бастамаларын дамытуға көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау үшін алғыстарын білдірді.
«Менің елім. Каспийден Алтайға дейін» экспедициясы Қазақстан жастарын еліміздің сұлулығы мен өзіндік ерекшелігі туралы ортақ идеяға біріктіруге бағытталған. Оның құрамында этнограф, блогшы, журналистер мен фотографтардан құралған 20 адам бар.
Қазақстанда құрастырылған бес автомобильге мінген олар екі ай бойында республиканы аралап шығады. Оған қатысушылар экспедиция аяқталған соң фильм жасап, фотокітап шығарады.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Елімізде тұрғын үй бағасы неліктен қымбаттады -
Елімізде ана мен балаға қандай әлеуметтiк қолдау көpсетiледi -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі