- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Ақтаудағы жол битумын өндіретін зауытта болды
Н.Назарбаев Ақтаудағы жол битумын өндіретін зауытта болды
Қазақстан Президенті қытайлық серіктестердің жобаны табысты жүзеге асырудағы үлесін атай отырып, оның алдағы уақытта кеңейе түсетініне сенім білдірді.
«Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Парсы шығанағы елдеріне дейін көлік бағыттарын салу бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар "Жібек жолының" қазіргі заманғы көрінісі екенін атап өтті. Соған орай жаңа нысандар құрылысы кәсіпорын үшін жақсы мүмкіндіктер бермек», - делінген хабарлмада.
Мемлекет басшысы зауыт өнімдері Қазақстанның елордасын республиканың өзге қалаларымен, сондай-ақ шетелдермен жалғауы тиіс "Нұрлы жол" автокөлік жолы жобасын жүзеге асыру үшін де қажет болатынына назар аударды.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті еңбек ұжымының өкілдерімен әңгімелесті. Олар елдің индустриялық әлеуетін арттыруға бағытталған жобаларға көңіл бөліп отырғаны үшін Елбасына алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, жыл сайын Қаражамбас кенішінен 1 миллион тонна мұнай өңдеуге есептелген «CaspiBitum» БК» ЖШС зауыты жыл басынан бері 125 мың тонна жол құрылысына арналған битум өндірді. Бұл өнім «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автокөлік дәлізі мен республикалық маңыздағы автожолдардың құрылысына пайдаланылады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары