- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Ақтау портын кеңейту жобасымен танысты
Елбасы Ақтау портын кеңейту жобасымен танысты
«Елбасына жобаны жүзеге асыру барысы туралы кеңінен баяндалды. Жобаға сәйкес, қуаты жылына 1,5 миллион тонна болатын астық терминалын, сондай-ақ негізгі жүктер мен контейнерлерге арналған, қуаты жылына 1,5 миллион тонна болатын екі терминал салу есебінен порттың жүк ауыстырып тиеу мүмкіндігін жылына 19,5 миллион тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде порттың жалпы алаңы 22 гектарға ұлғаяды. Құрылыстың бірінші кезеңін 2014 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысына сондай-ақ Каспий теңізіндегі порттың, транскаспий бағытының және Маңғыстау облысының көлік торабының инфрақұрылымын дамыту турасында баяндалды.
Сонымен қатар, еңбек ұжымының өкілдерімен әңгімелескен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның теңіз қақпасы ретіндегі маңызы өсе беретін, портқа мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп отырғанын айтты.
Елбасы «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС-ның теңізге арналған металл конструкциялар зауытына барды. Нысанды аралау кезінде Мемлекет басшысына кәсіпорынның қызметі туралы баяндалды және «KMG Drilling & Services» ЖШС үшін арнап жасалған, өзін-өзі көтеретін, Қазақстандағы алғашқы бұрғылау қондырғысы таныстырылды.
Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен әңгімелескен кезінде кәсіпорынның шығаратын өнімдері өңірді және бүкіл мұнай-газ кешенін дамыту үшін маңызды екеніне тоқталды, сондай-ақ олардың жұмыстарына жаңа жетістіктер тіледі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары