• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Самұрық-Қазына» АҚ «Халықтық ІРО» Бағдарламасының белсенді кезеңі басталғанын жариялады

«Самұрық-Қазына» АҚ «Халықтық ІРО» Бағдарламасының белсенді кезеңі басталғанын жариялады

1 Қазан, 2014 12:38
«Халық ІРО» бағдарламасын жүзеге асыру аясында және «Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ өзінің еншілес компаниясы «KEGOC» АҚ-ның «Халық IPO»-ға шығатынын ресми түрде растады, деп хабарлады ұлттық компания.

«2014 жылғы 31 наурызындағы №280 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуіріндегі №429 Қаулысына сәйкес, «KEGOC» АҚ барлық акциялары көлемінің 10% минус 1 акцияларын қор нарығына шығару жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Әр акцияның бағасы мен сатылатын акциялардың нақты саны қараша айының басында, өтінім беру басталар кезде белгілі болады. Ол туралы толымды ақпарат Қазақстан қор биржасы (КASE) мен БАҚ-та жарияланады

«KEGOC» АҚ акцияларын саудалау барысында жекелеген инвесторлар, яғни алдымен Қазақстан Республикасының азаматтарына басымдық беріледі. «Халық IPO-ға» шығуға дайындық барысында корпоративтік басқару қағидаларын жетілдіре отырып, «KEGOC» АҚ әрекетін айтарлықтай ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес етіп, оның қызметін жақсартты.

«Биылғы ақпараттық науқанның маңызды аспектісі ашық білім беру дәрістерін жүргізу болып табылады. Көптеген қазақстандықтар «Халық IPO» бірінші кезеңі барысында Бағдарлама туралы  жалпы мәліметтер алған, осындай білім беру акцияларына  қатысқан болатын. Қазіргі кезде олардың дәріске саналы түрде келгені қажет. Біз «Халық IPO» қазақстандықтарға ірі кәсіпорындардың акцияларын иелену мүмкіндігін, сонымен қатар олардың жинақтық қорлары мен байлықтарын инвестициялау   мен көбейтудің жаңа құралын береді деп үміттененміз», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Елена Бахмутова.

Естеріңізде болса, 2012 жылы елімізде өндірілген жылдық мұнай көлемінің  60%  жуығын тасымалдайтын Қазақстандағы мұнай құбырлары жүйесінің ең ірі операторы болып табылатын «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акциялары IPO-ға табысты түрде шығарылды. 34 мыңнан астам қазақстандық халықтық акционерге айналды. Олар акцияны орналастырған кезден бастап, сатып алған құнның 25%-нан астам көлемінде дивиденттер түрінде түсім алды.

 

Барлық жаңалықтар