- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада шетелдік сарапшылардың қатысуымен ТжКБ оқу орындарын ашу бойынша конференция өтуде
Астанада шетелдік сарапшылардың қатысуымен ТжКБ оқу орындарын ашу бойынша конференция өтуде
«Кәсіптік-техникалық және жоғары білім ұлттық экономиканың білікті мамандарға деген бүгінгі қажеттілігі мен болашақтағы сұраныстарына қарай ыңғайлануы керек. Осы орайда біз шетелдік тәжірибені игеру мақсатында шетелдік әріптестермен әріптестік құрып жатырмыз. Бүгінгі шара соның айқын дәлелі. Бүгінгі таңда аталмыш салада біздің де жеткен жетістіктерімізді ескеріп шетелдік мамандар біздің тәжірибеге қызығушылық танытады деп ойлаймын», - дейді ҚР БҒМ Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі оқытуды жаңғырту департаментінің директоры Сабыржан Мадеев.
Сонымен қатар, конференцияға TVET UK (Ұлыбритания), TAFE (Австралия), GIZ (Герман халықаралық қауымдастығы), Британдық Кеңес (Ұлыбритания), Pearson (Ұлыбританияның оқыту консорциумы) секілді халықаралық білім беру ұйымдарының, компаниялар қауымдастығының өкілдері, ҚР БҒМ Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі оқытуды жаңғырту департаменті, «Республикалық ғылыми-әдістемелік орталық» АҚ, «Кәсіпқор» Холдингі» ҰАҚ өкілдері мен орталық және жергілікті атқарушы билік органдары, білім беру ұйымдары, ғылыми орта, жұмыс берушілер қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Олардың ұзын саны 70 адамды құрады.
Шараның мақсаты алдағы уақытта отандық экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік оқыту саласындағы халықаралық тәжірибені игеру болып табылады. Бұдан бөлек шетелдік сарапшылар оқыту бағдарламаларын дайындау, іске асыру мен коммерциялау бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, ТКО жүйесіндегі білім сапасын сертификациялау мен бағалау әдістерін дайындауды көрсетеді.
Конференцияда «Кәсіпқор» Холдингі колледждерінің желісіне оқыту бағдарламаларын дайындау мен енгізудің болашағы қаралып, өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Айта кету керек, Ұлттық холдинг шетелдік үздік тәжірибені енгізе отырып білім беру сапасын арттыруды көздейді.
Индира Қауметова
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды